Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуеті зор - Бычкова (ВИДЕО)

4 Ақпан, 2015 10:32
Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуеті зор, деп ағынан жарылды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Бычкова Strategy2050.kz АА тілшісіне берген сұхбатында.

«Конституцияның 20-жылдығы үлкен бүкілхалықтық мейрам. Ол біздің еліміздің 20 жылдық тарихын қайта ой елегінен өткізуге себепші. 1995 жылы 30 тамызда біз демакратия үшін, тұрақтылық пен гүлдену үшін дауыс бердік жән барлық тілегіміз аталмыш келелі құқықтық  құжат - Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапты. Осы жалдар аралығында біз Конституция қағидаларына сәйкес дамып келдік», - деді депутат.

Сонымен қатар, оның айтуынша Қазақстан Республикасының Конституциясының әлеуеті зор. «Егер тарихи аспектілер туралы айтатын болсақ, 20 жыл соншалықты көп емес. Жалпы, еліміздің заңнамасын жетілдіру мақсатында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Заңдарды жан-жақы ету және құқықтық тәжірибенің әлеуеті өте зор», - деп толықтырды С.Бычкова.

Бұдан басқа, С.Бычкова еліміздің дамуы мен негізін анықтайтын басты қағидаларды атап өтті.

«Конституция құқықты кепілдендіретін бірегей құжат болып табылады.  Оның әрбір бөлімі түрлі саладағы заңнаманы сақтауды кепілдендіреді. Жалпы, Конституция ұдайы өзгеріп тұрмау керек. Себебі заңды негіздегі бағдарлама болмаған жағдайда тұрақтылықта жоғалады. Әрине, кейде түбегейлі өзгерістерге қажеттілік туындайды және ол ұйғарымды шешім. Егер тарихи тұрғыда мемлекетті дамыту жолында күрделі өзгерестер керек болса, онда оны келісі отырып жүзеге асыруға болады», - деп түйді С.Бычкова.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар