- Басты
- Жаңалықтар
- Атырауда пошта бөлімдері жаңғыртылды
Атырауда пошта бөлімдері жаңғыртылды
№9 пошта бөлімі көп жылдар бойы жергілікті халыққа қызмет көрсетіп келеді, енді олар жаңа форматта қызмет көрсететін болады. Ішкі саясат басқармасынан хабарлағандай, пошта бөлімі сағат 9.00-19.00 аралығында түскі асқа үзіліссіз қызмет көрсетеді. Ғимарат кеңейтілген және қызмет көрсету аймағы екіге бөлінген. Сол жақта қаржылай қызмет болса, қарама қарсы бетте пошта қызметі орналастырылған. Операторлар саны 2 адамнан 6 адамға дейін көбейтілді. Үшіншіден халыққа қызмет көрсету электронды кезек арқылы жүргізіледі.
«Бүгінде біз халыққа барынша қолайлы қызмет көрсететін болдық, қызметкерлеріміз адаммен тікелей тілдесе отырып қызмет көрсетеді», - деп ағынан жарылды «Қазпошта»АҚ Атыраулық филиалының директоры Ержан Омаров.
Аталып өткендей, мұнда еркін аймақ орналастырылған, онда тәулігіне 24 сағат қызмет көрсетіледі. Онда банкоматтар, терминалдар мен жалға алуға болатын арнайы ұяшықтар орналастырылған. Бұл қолы бос емес жандарға арналған қызмет. Сондай-ақ, жыл бойы автоматты поштамен жіберу қызметін жүзеге асыру үшін арнайы техника орнатылады. Тұтынушы өз телефон неморі мен пошталық хабарландыруының кодын енгізетін болса, олар өздеріне келген затты ала алады. Пошта бөлімі бойынша 16 бейнебақылау камерасы орнатылған.
-
Қайрат Мәми «Ата Заң» туралы жинақтар мен пошта маркаларын таныстырды -
Атырауда "Абай" күні туылған сәбиге Абай есімі берілді -
Атыраудан республика қалаларына рейстер қайта жанданады -
Түркістанға Атыраудан 20 тонна балық жеткізілді -
«Digital Samruk» конференциясында Қазпошта бизнестің цифрлық инновацияларын ұсынды -
Қазпошта Махатма Гандидің дүниеге келуіне орай 500 теңгелік номинал шығарды -
Дайындық бөлімдері: Этникалық қазақтың бір үміті -
Елбасы Атырауда кеңес өткізді -
Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына жұмыс сапарымен барды -
Қызылорда тұрғындары жинақ шоттарын Қазпошта арқылы ашады -
ОҚО-да биыл 87 елді мекеннің электр жүйесі жаңғыртылды -
Қазақстанның БҰҰ-дағы мүшелігіне арналған пошталық маркалар қолданысқа енгізілді -
Қазпошта автоматтандырылған сұрыптау желісін іске қосты -
Қазақстанда 630 шақырымнан астам теміржол жаңғыртылды -
Атырауда 2018 жылы 220 шақырым жол жөнделеді