- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да әлеуметтік-еңбек қатынасын нығайтуға бағытталған келісім орнатылды
СҚО-да әлеуметтік-еңбек қатынасын нығайтуға бағытталған келісім орнатылды
Кездесудi ашқан өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов жыл сайынғы халыққа арналған «Нұрлы жол — болашаққа жол» Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев өнеркәсiптi жақсарту арқылы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етудi, көлiк, энергетика, индустриалдық және әлеуметтiк инфрақұрылым, шағын және орта бизнестi дамытуды қамтамасыз етудi мiндеттейдi, деп хабарлады облыс әкімдігі.
«Бiзде негiзгi салаларды дамытуда оң динамика сақталуда. Өндiрiстiк процестердi тұрақтандыру мен 2014 жылы қызметкерлердiң еңбек құқықтары мен кепiлдiктерiн қамтамасыз ету мақсатында кәсiпорындар мен ұйымдарда 1539 меморандумға, Петропавл қаласы мен барлық аудандарда 3634 ұжымдық шартқа қол қойылды»,- дедi облыс әкiмi.
Ерiк Сұлтановтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. Жыл басынан берi 747 кәсiпорынмен меморандумдарға қол қойылып, 31 мың адам жұмыспен қамтылды.
Бұдан кейiн, жағымсыз үрдiстердiң алдын алумен әлеуметтiк-еңбек қатынастары арқылы әлеуметтiк тұрақтылықты сақтап қалу мақсатында кәсiподақ орталығы мен өңiрдiң кәсiпкерлер палатасы арасында 2015-2017 жылдарға арналған келiсiмге қол қойылды. Бұл келiсiмде негiзгi бағыттар бойынша тараптардың ұстанымдары белгiленген.
Кездесу соңында облыстың бiрiншi басшысы бұл келiсiмдер тараптардың одан әрi тығыз ынтымақтастығына, әлеуметтiк-еңбек қарым-қатынастарын нығайтуға септiгiн тигiзедi деген сенiмiн бiлдiрдi.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
Үкімет: 2020 жылы әлеуметтік саланы тұрақтандыруға бағытталған шаралар -
М.Жанғазивеа: Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқым келеді -
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ -
Г.Мұштанова: Үкіметтік емес ұйымдардың жобалары ауыл-аймақтағы проблемаларды шешуге бағытталған -
Quest Ventures пен Astana Hub келісімге қол қойды -
Геннадий Шиповских: Жолдау халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған -
Қазақстан жолдарында 100 мыңнан астам жол белгісі орнатылды -
Қазақстан бұрынғы деңгейде мұнай өндіруді бір айға ұзарту туралы ОПЕК+ келісімін қолдады -
Ә.Мағауов: Қазақстан ОПЕК+ келісімінің шарттарын сақтайды