• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мажарстан Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қазақстанның сыртқы сауда палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Мажарстан Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қазақстанның сыртқы сауда палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

3 Ақпан, 2015 10:23
Қазақстан-Мажарстан Іскерлік кеңесінің кезекті 4-ші отырысы аясында Будапештте Мажарстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қазақстанның сыртқы сауда палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Аталмыш іс-шарада Қазақстан тарапынан Тең төраға, «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдары қауымдастығының Төраға орынбасары Жанболат Сәрсенов, Қазақстан Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Сабыр Есімбеков, сондай-ақ бірқатар Қазақстанның компания өкілдері қатысты. Мажар тарапынан Мажарстанның Ұлттық экономика министрі Михай Варга, Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Шандор Фашимон, сондай-ақ 50 компаниялардың басшылары өкіл етті, деп хабарлады СІМ.

Отырыс барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық саласындағы екі жақты ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Жоғары технологияларды дамыту, мұнай мен газ, ауыл шаруашылық, фармацевтика, телекоммуникация, туризм, құрылыс, автокөлік пен өңдеу өнеркәсібі, көлік, инновациялар саласындағы жобаларды ілгеріту  ең перспективалық бағыттары болып таңдалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық және іскерлік климаты, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығындағы мүшелігі, Астана қаласында өтетін «ЭКСПО 2017», «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты сияқты басылымдықтарды пайдалана отырып, мажар бизнесмендері Қазақстан серіктестерімен белсенді ынтымақтастыққа шақырылды.

         

Барлық жаңалықтар