ҚР Сыртқы істер министрі Аргентинаның бизнес-қауымдастығымен кездесті

2 Қазан, 2013 19:00
1 қазанда Оңтүстік Америка елдеріне жасаған сапары барысында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Буенос-Айреске барды. Бұл тарихта алғаш рет ҚР Сыртқы істер министрінің Аргентинаға ресми сапар жасауы. Сапар барысында Ерлан Ыдырысов Аргентинаның алдыңғы қатарлы компания басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

«Ерлан Ыдырысовтың Аргентинаның YPF ұлттық компаниясы басшылығымен кездесуінде табиғи газды қайта өңдеу технологиялары мен алмасу мүмкіндігі мен мұнай-газ саласында әріптестік бойынша өзге де мәселелер талқыланды», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде Аргентина Мұнай кеңесі өкілдері Қазақстан мен жаһандық дәрежеде әріптестік құруға қызығушылық танытты.

Сонымен қатар, Аргентинаның ет өндірушілер Ассосациясы өкілдерімен кездесу екі ел арасындағы әріптестікті мықтады. Аргентина сиыр етін өндіруде жаһандық көшбасшы саналады. Бұл елдің ауыл шаруашылық зерттеу ұйымдары қазақстандық әріптестерімен осы саладағы жаңа ғылыми жұмыстарымен бөлісуге дайын екендіктерін айтты.

 

Барлық жаңалықтар