- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкіметі жергілікті қамту үлесін арттыру арқылы елдің ірі кәсіпорындарын қолдау бойынша Іс-шаралар жоспарын қабылдады
ҚР Үкіметі жергілікті қамту үлесін арттыру арқылы елдің ірі кәсіпорындарын қолдау бойынша Іс-шаралар жоспарын қабылдады
Өскеменде бірінші вице-премьер орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар басшыларының және бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Өз сөзінде Б.Сағынтаев отандық өндірушіні қолдау дағдарысқа қарсы саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын баса айтты.
«Үкімет еліміздің 80-нен астам ірі кәсіпорнының проблемалық мәселелерін қарап, жергілікті қамтуды арттыру арқылы оларды қолдау бойынша Іс-шаралар жоспарын қабылдады. Ол үшін мемлекеттік тапсырыстарды, сондай-ақ ірі ұлттық компаниялардың тапсырыстарын қазақстандық өндірушілерге басымдықты үлестіру жоспарланған», - деді Б.Сағынтаев.
«Өз кезегінде, кәсіпорындар өздерінің өнімдеріне деген біздің ішкі сұраныстарымызды қанағаттандырып, сондай-ақ халыққа жұмыс орындарын сақтаулары тиіс», - деп баса айтты вице-премьер.
Кеңес қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, ұлттық компаниялар мен жергілікті қамтуды дамыту бойынша жергілікті тауар өндірушілер арасында меморандумдарға қол қойылды, олардың ішінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Еуразиялық топ» ЖШС, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС және басқалары бар. Қол қойылған меморандумдардың жалпы сомасы 74 млрд. теңгеден асты.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен жүйе құрайтын кәсіпорындар жұмыс орындарын сақтау және өндірістік үдерістерді тұрақтандыру бойынша меморандумдар жасасты. Қол қойғандардың ішінде «Востокцветмет» ЖШС, «Қазмырыш» ЖШС, «УКТМК» АҚ, «Азия Авто» АҚ және басқалары бар.
Павлодарда күннің екінші жартысында Б.Сағынтаевтің қатысуымен өткен кеңес аясында сәйкес меморандумдарға қол қойылды.
Жергілікті қамтуды дамыту бойынша меморандумдарға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Еуразиялық топ» ЖШС, «КЕГОК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және басқалары қол қойды. Келісімнің жалпы сомасы 128 млрд. теңгеден асады.
Жұмыс орындарын сақтау және өндірістік үдерістерді тұрақтандыру бойынша меморандумдарды «Қазақстан алюминиі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «KSP Steel» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС және өңірдің басқа да ірі кәсіпорындары жасасты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары