• Басты
  • Жаңалықтар
  • Лихтенштейн Князьдігі Қазақстанның БҰҰ ҚК-нің мүшелігіне өтінімін кұптады (ФОТО)

Лихтенштейн Князьдігі Қазақстанның БҰҰ ҚК-нің мүшелігіне өтінімін кұптады (ФОТО)

2 Ақпан, 2015 18:27
ҚР Парламентінің Мәжілісі төрағасының орынбасары – Қазақстан кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне алға жылжыту мәселелері бойынша Арнайы уәкілі Дариға Назарбаева Лихтенштейндін Князі Ханс-Адам ІІ-сімен келіссөздерді өткізді.

ҚР СІМ хабарлауынша, кездесудің барысында Лихтенштейн Князіне 2017-2018 жж. БҰҰ ҚК-нің тұрақты емес мүшесі болуына ҚР-ның өтінімін қолдау жөніндегі Елбасының жеке жолдауы тапсырылды. Князі еліміздің жетістіктерін және халықаралық аренасындағы белсенділігін жоғары бағалап, Қазақстанның БҰҰ ҚК-нің тұрақты емес мүшесі болу ниетін құптады.

Осымен бірге қазақстандық делегациясы Лихтенштейн Ландтагының (Парламент) Президенті Альберт Фрикпен келіссөздерді өткізді. Осы кездесу жүрісінде лихтенштейндік тарапы Қазақстанның дамудың негізгі кезеңдерімен танысқан. Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы екі жақты қатынастарының және парламентаралық ынтымақтастығының кеңею келешегі талқыланған.

Барлық жаңалықтар