• Басты
  • Қызылорда облысында 1700-ден астам медицина қызметкері ҚазМҮББУ-де біліктілігін арттырды

Қызылорда облысында 1700-ден астам медицина қызметкері ҚазМҮББУ-де біліктілігін арттырды

2 Ақпан, 2015 19:27
Қызылорда облысының 1700-ден астам денсаулық сақтау саласының маманы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде біліктілігін арттырып, қайта даярлаудан өтті.

2014 жылы 1694 маман оқып шықты, ол 2013 жылмен салыстырғанда 648 тыңдаушыға артық, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Жыл басынан бері  Қызылорда облысының ауылдарындағы медицина қызметкерлерін оқытуға ҚазМҮББУ-дің 67 кафедрасының  оқытушылары барды. Олар: терапия, медициналық оңалту, неврология, акушерия және гинекология, дерматовенерология, фтизиатрия, жалпы дәрігерлік практика, нефрология, фармакология, балалар неонатальді анестезиология және реаниматология және т.б.

Соның нәтижесінде бір жыл ішінде Қызылорда облысында 20 мамандық бойынша 1694 маман - дәрігерлер, мейіргер және парамедиктер (медициналық білімсіз  мамандар) өз біліктіліктерін арттырды.

Дәрігерлер мен мейіргерлердің білімі мен дағдысын жетілдіру жұмыстан қол үзбей тікелей сол облыста өткізілуі, іссапарға кететін миллиондаған шығындарды үнемдеуге алып келді. Бұдан басқа, ауыл медицина қызметкерлері 9 мамандық бойынша Алматы қаласындағы ҚазМҮББУ базасында қайта даярлаудан өтті.

Өз кезегінде Қызылорда облысының тұрғындары ынтымақтастық туралы Меморандумның аясында ҚазМҮББУ-дің профессорларынан консультативтік-диагностикалық көмек алды. Бұл іс-шара, яғни, мамандарды оқыту өңірдің білікті кадрларға деген сұранысын ескере отырып өткізілгендігін атап өтуіміз керек. Бұған өңірлік денсаулық сақтау жүйесін зерттеу өз септігін тигізді.

 

Барлық жаңалықтар