• Басты
  • Жаңалықтар
  • Шымкент қаласының маңындағы Сайрам ауылында 800 орынға есептелген мектеп ашылды

Шымкент қаласының маңындағы Сайрам ауылында 800 орынға есептелген мектеп ашылды

3 Ақпан, 2015 10:08
Шымкент қаласының маңындағы Сайрам ауылында 468 млн теңгеге жүргізілген күрделі жөндеуден кейін 800 орынға есептелген мектеп ашылды.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, мектеп 1960 жылы ашылған және содан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Ал, оқушылары болса үш ауысымда білім алып келген. Оның үстіне тоз-тозығы шыққан білім ошағы осыншама оқушыға қызмет көрсетуге жарамсыз деп танылған. Осы ретте, облыстық бюджеттен жаңа мектептің құрылысына 468 млн теңге бөлінді.

Жаңа үш қабатты мектепте екі ауысымда 834 оқушы білім алатын болады. Кең сыныптарда заманауи техника орнатылған. Тіпті, мультимедиялық құралдардан бөлек, лингафондық құрылғысы бар сыныптар да  бар. Ал, кең оқу залы бар мектеп кітапханасы бүгіннің өзінде оқушыларға 15 мыңнан астам кітапты ұсына алады.

Бұдан басқа, білім ордасында 120 орынға есептелген салтанат залы  мен 300 адамға арналған асхана бар. Жаңа мектеп жеке қазандық арқылы көгілдір отынмен жылытылады. 

Барлық жаңалықтар