- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы арал тұзының өндіріс көлемі ұлғаяды (Фото)
2015 жылы арал тұзының өндіріс көлемі ұлғаяды (Фото)
Брикеттелген тұз шығаратын және ас тұзына арналған қаптама шығаратын цехтар іске қосылды. Бұл комбинат 2013 жылы толықтай қайта жабдықталды. Испаниядан арнайы құрал-жабдықтар әкелініп, орнатылды. Бүгінде комбинатта 800-ге тарта адам тұрақты жұмыс істейді. Мұнда тұздың да түр-түрі өндіріледі. Ас тұзынан бастап, мал бордақылау кезінде жемге қосып беретін брикеттелген тұз бар. Жаңадан іске қосылған цехта малға арналған тұз өндіріледі, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Айына 1200 тонна тұз өндіруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, ас тұзы енді жаңа үлгідегі қаптамада шығады. Цехта айына 30 тонна қажетті қаптамалар дайындауға мүмкіндік бар.
Жаңадан қосылған екі цехта қосымша тұрақты 60 жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы, комбинатта айына 23 мың тоннадан астам өнім шығарылады. Кәсіпорын өнімдері негізінен, Ресей мемлекетіне жөнелтіледі. Нақтыласақ, көршілес елге айына 6400 тонна бәсекелестікке төтеп бере алатын өнімдер жөнелтіледі, ал қырғыз еліне мың жарым тонна сапалы ас тұзы жіберіледі. Түркия, Өзбекстан елдері де тұтынушылардың қатарында. Еліміздің барлық өңірі де осы Аралдың ас тұзын пайдаланып отыр.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі