• Басты
  • Жаңалықтар
  • Үй құрылысы комбинатының жаңа технолоигясы өнімді дайындау уақытын қысқартты (ФОТО)

Үй құрылысы комбинатының жаңа технолоигясы өнімді дайындау уақытын қысқартты (ФОТО)

2 Ақпан, 2015 16:41
Атырау облысында ҮИИДМБ аясында 2014 жылы «Батыс Альянс Құрылыс» ЖШС жалпы құны 1,5 млрд теңге тұратын және жылдық қуаттылығы 150 мың текше метрге жететін үй қрылысы комбинатын іске қосты.

Ішкі саясат басқармасынан хабарлағандай, комбинатта 40 жұмыс орны ашылды. Кәсіпорында іргетастың бетондық блоктары, іргетас плиталары, өндірістік сақиналардың қақпасы, тауарлық бетондар, жол питалары және т.б. өндіріледі.

Жобаның «ноу хауы» оның технологиясы, ол тауарды  бір тәулікте ешқандай кемшіліксіз жасап шығаруға мүмкіндік береді, ал қарапайым технологияның стандарты  - 24 тәулік» ,- делінген хабарламада.

Жалпы мерзімді қысқарту  бойына бірнеше функцияны сыйғыза білген технологияның жетістігі.

Айта кетерлік жайт, аталмыш жобаның іске қосылуының арқасында облыс «Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасы аясында өзге аймақтардың үйқұрылысы комбинаттарына телмірмей үй сала алады.

Барлық жаңалықтар