Бурабай курорттық аймағында Қазақстандағы тұңғыш вейк-парк ашылды

2 Ақпан, 2015 20:43
Бурабай курортының аймағында Щучье өзенінің жағалауында Қазақстандағы тұңғыш тәулік бойы жұмыс жасайтын көңіл-көтеру кешені ашылды, деп хабарлады Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».

Ашылу салтанатында облыстың туризм басқармасының жетекшісі Ш.Батырханов «Бурабай» ЕЭА аймағы Бурабай үшін ірі жобаларды жүзеге асырудың алаңына айналды.

«Бұл тұңғыш 5 жұлдызды  «Rixos» қонақ үйі, Елбасының бастамасымен «Қазақстандық Лапландия»  балалардың көңіл-көтеру кешені, жабық теннис корты, веложүгіру, туристердің бұқаралық демалу орындар бар. Бұл жобалардың барлығы курорттық аймақтың әрлене түсуіне, экстрималды спорт түрінің басын қосатын орталық ретінде болуына септігін тигізеді», - деді ол.

Шара қонақтарына шеберлік сыныбы ұйымдастырылып, вейк-борд бойынша Ресей чемпионы Алмас Смайқұловтың шеберлік сыныбы өтті. 

Барлық жаңалықтар