e-history.kz ақпараттық порталын алғашқы аптада 10 мың адам тамашалаған

2 Қазан, 2013 17:22
Қазақстанда 25 қыркүйек күні e-history.kz атты жаңа ақпараттық портал ашылған болатын. Сайт ашылғаннан бері оны 10 мың адам тамашалаған, деп «Казнетмедиа» директоры Данияр Сүгралин хабарлады.

«25 қыркүйек күні ресурс қосылғаннан бастап 10 мың адам тамашалаған. Оның жартысынан көбі Алматылықтар болса, шағын бөлігі Астаналықтар. Қызығушылық танытқан қалалардың бестігіне Теміртау, Қостанай, Семей енді. 55 елдің мемлекеті де сайтқа кірген. Көшбасшылар қатарында Ресей, Ұлыбритания, АҚШ», -деп «Казнетмедиа» директоры атап өтті.

Порталдың ең көп қаралған айдарлары: ұлттық тарих, тарих жаңалықтары мен ҰБт тесті болып отыр.

«Порталдың мақсаты – қазақстандық және әлемдік қауымдастықтың ұлттық тарихқа деген көзқарасы. Сайттың ерекшелігі басқа электронды көздерде болмаған ақпараттар салынады», - деп Данияр Сүгралин атап өтті.  

e-history.kz  сайтында ақпараттың жалпы формасы сақталған. Жас ерекшелікке шектеу қойылмаған.

 

Барлық жаңалықтар