• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысының тұрғындарына «сот кабинеті» электронды қызметінің артықшылықтары түсіндірілді

Ақтөбе облысының тұрғындарына «сот кабинеті» электронды қызметінің артықшылықтары түсіндірілді

2 Ақпан, 2015 15:54
Ақтөбе облысының соты «сот кабинеті» электронды қызметі туралы ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу бойынша көшпелі отырыс болды.

Шараға халыққа қызмет көрсету орталықтары, қалалық канцелярия және мамандандырылған сот өкілдері, инпекторлар қатысты. Шара Мәртүк, Қарғалы, Қандыағаш ХҚКО-да өтті, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

«Барған орындарда жауапкершілігі мол мамандар аталмыш қызметтің басымдықтарымен бөлісті. Мәселен, кедендік бажды онлайн төлеуге мүмкіндік береді. Тұтынушы кез келген уақытта сот құжатын көріп, оның тарихымен танысып, шығарып ала  алады», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, жаңа электронды қызметтің енуі уақытты үнемдеуге мүмкіндік беріп, бюджеттік қаржыны қадағалауға мүмкіндік береді. «Сот кабинеті» ақпараттық қызметінің негізгі мақсаты – халық үшін сот жүйесінің барынша ашық болуы. 

Барлық жаңалықтар