- Басты
- Жаңалықтар
- «Болашақ» түлегі ҚР Президентіне жазған хатында жастар «Нұрлы жол» саясатын дамытуға атсалысатынын айтты
«Болашақ» түлегі ҚР Президентіне жазған хатында жастар «Нұрлы жол» саясатын дамытуға атсалысатынын айтты
Хат авторы өзінің 1999 жылы АҚШ-та Рочестер технологиялық институтының магистратурасын «туризм және қонақжайлық» мамандығы бойынша үздік бітіргенін айтады.
Қазақстанға келгесін Д.Даминова алған білімін тәжірибе жүзінде қолданып, бірқатар мекемелерде жұмыс істейді, ал 2008 жылы кандидаттық диссертациясын қорғайды. Онда қорықтар мен ұлттық саябақтардағы туризмді ұйымдастыруға арналған ұсынымдар көрініс тапқан. Қазіргі уақытта ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қонақ үй менеджменті және туризм пәнінен ағылшын тілінде сабақ береді.
«Біз 1998 жылы Сізге елімізді өркендету үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға уәде бердік. Сіздің бастамаларыңыз, атап айтқанда, «Болашақ» бағдарламасы жастарды дамыту мен қолдау тұрғысынан дұрыстығын әрі көрегендікті танытатынын айтқым келеді. Ал біз «Нұрлы жол» экономикалық саясаты мен Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуін көздейтін 2050 Стратегиясын жүзеге асыруға үлес қоса беретін боламыз», – делінген хатта.
Соңында автор Мемлекет басшысына денсаулық және табыс тілей отырып, өзінің еліміздегі туризмді дамыту саласындағы ғылыми зерттеулерін жалғастыратынын атап өткен.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Жаһандану және жастар тәрбиесі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Тарихи роман - жастарды елдік рухта тәрбиелеу құралы