• Басты
  • Жаңалықтар
  • Вице-премьер Қостанай облысындағы Индустриаландыру картасы нысандары жұмысымен танысты

Вице-премьер Қостанай облысындағы Индустриаландыру картасы нысандары жұмысымен танысты

2 Қазан, 2013 18:33
Қостанайға Индустрияландыру картасының объектілерін тексеру және ҮИИД Бағдарламасын жүзеге асырудағы проблемалық мәселелерді талқылау мақсатымен Примьер-министрдің орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет исекешов бастаған жұмыс тобы келді, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ ақпарат басқармасы.

«2013 жылдың екінші жартыжылдығында Қостанай облысында Индустрияландыру картасының аясында 828-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылып, жалпы құны 31,8 млрд. теңгені құрайтын 8 жобаны іске қосу жоспарланады. Әсет Исекешев кейбір жобалардың құрылысымен танысып, жұмыс істеп тұрған, соның ішінде Қазақстанның Даму Банкімен қаржыландырылған кәсіпорындардың өндірістік алаңдарына барды», делінген хабарламада.

Әсет Исекешов «АгромашХолдинг» АҚ-ы, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС-і сериялық шығарылымдағы автокөліктердің жобаласымен танысты. Премьер-Министрге «SsangYong», «Chance» және «Peugeot» маркаларының өндірісі көрсетілді.

Хабарламада айтылғандай, вице-премьер «SsangYong» - NOMAD қазақстандық үлгісін шығару бойынша жобаны жүзеге асыру барысымен танысты. Үлгінің өндірісі шанақты дәнекерлеу мен бояуды қоса алғанда, CКD жинау әдісімен бірге келесі жылы басталмақ. Жобаның жалпы құны 13 636,5 млн. теңге. Қаржыландыру жеке және қарыз қаражаты есебінен. Айта кету керек, 150 жаңа тұрақты жұмыс орнын жасау жоспарланып отыр. 

Осы жылы іске қосылатын тағы да бір жоба жылына 450 мың тоннаға дейін ұсақ сұрыптағы прокатты шығара алатын Қостанай прокат зауыты. Жобаны бастамалаушы - «ЕвразКаспианСталь» ЖШС. 

Компанияның өкілдерінің айтуынша, өндіріс іске қосылғаннан кейін 350 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жобаның құны 18,5 млрд. теңге. Жоба ішкі нарықты және құрылыс саласындағы кәсіпорындарды сапалы прокатпен қамтамасыз етуге бағытталған. Өндірістік процеске жоғары білікті жұмысшылар және жобаның келісім-шарт иесі әзірлеген бағдарламаға сәйкес оқудан өткен мамандар тартылмақ.  

Сондай-ақ жұмыс тобы «БК-СТРОЙ» ЖШС-і құрастыру темір бетон зауытына да барды. Қуаттылығы жылына 30 мың текшеметрді құрайтын кәсіпорын осы жылы Индустрияландыру картасы төңірегінде жұмыс істей бастады. Құны 982 млн. Теңге болатын жобаға қосымша 20 жұмыс орны ашылады. Өнімі көбінесе еліміздің ішкі нарығында сатылмақ. 

Нысандардың жұмысымен танысқаннан кейін вице-премьер Ә. Исекешев облыс әкімі Н. Сәдуақасовпен бірге жиналыс өткізді. Осы жиналыста өңірдегі ҮИИДБ жүзеге асырылу барысы, оның ішінде индустрияландыру картасы нысандарының жобалау қуаттылығына шығу мәселелері, сондай-ақ жүйелі сипаттағы: өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін арттыру және шикізат емес экспортты дамыту, т.б. мәселелер талқыланды. 

Барлық жаңалықтар