- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында ауыр атлетика орталығын салу жобасы жүзеге асырылуда
Алматы облысында ауыр атлетика орталығын салу жобасы жүзеге асырылуда
Конфедерация ұлттық 5 конфедерацияны дамыту бойынша 2014-2016 жылдарға арналған бағдарламаны жасақтады. Олар: бокс, дзюдо, тхэквондо, күрес және ауыр атлетика.
«Бағдарлама ұлттық құрамалардың оқу-жаттығу жүйесін жетілдіруге, білікті мамандарды әзірлеуге, метериалдық-техникалық базаны нығайтуға, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге негізделген»,- деп түсіндірді А.Ташметов.
Сонымен қатар, оның айтуынша, конфедерацияның материалдық техникалық базасын нығайту аясында Алматы облысында ауыр атлетика орталығын салу жобасы жүзеге асырылуда. Бұдан басқа, бокс орталығы да салынатын болады. Онда конфедерацияға кіретін барлық спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалар жаттығады.
«Аймақтарсыз және жаппай спортсыз үлкен жетістіктерде болмайды. Сондықтанда бүгінде аймақтарда үлкен жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Түркістан мен Семейде ДШСО салынса, Қызылордада құрылысы қарқынды жүруде. Ал, Петропавлда барлық жаттығу залдары жөндеуден өткізілді. Халықаралық федерацияларменде байланыс орнатылуда. Бізде спорт менеджерлері жетіспейді»,- деп атап өтті ол.
А.Ташметов атап өткендей, 2014 жылы спортшыларға әлеуемттік қолдау көрсету мәселесіне ерекше дең қойылды. «Жыл бойы олар медициналық сақтандырумен қамтамасыз етіліп, конфедерация арнайы сыйақы тағайындау жүйесін жасақтады. Оған сәйкес спортшы және оның жаттықтырушысы да марапатталады»,- деп толықтырды конфедерация үйлестірушісі.
Камила Амирова
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді