- Басты
- Жаңалықтар
- 1 ақпаннан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жеңілдіктер мерзімі ұзартылды
1 ақпаннан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жеңілдіктер мерзімі ұзартылды
ҚТЖ-ның ақпараты бойынша, 2015 жылдың 01 ақпанынан бастап алдын ала билет алған жағдайдағы жеңілдіктер мерзімі ұзартылды. Егер бұрын 35% жеңілдік пойыздың жүруіне 44 тәуліктен 40 тәулікке дейін қалғанда ғана берілсе, енді 35% жеңілдікті пойыздың жүруіне 10 тәулік қалғанда билет алған жағдайда және 20 % жеңілдікті пойыздың жүруіне 2 тәулік қалғанда билет алған жағдайда пайдалануға болады.
Мәселен, қазір Астанадан Атырауға дейін «Тұлпар-Тальго» пойызына билеттің базалық бағасы 14 054 тенге болса билетті ертерек сатып алсаңыз оның бағасы 9 223 теңгеге дейін арзандауы мүмкін.
Мұндай жеңілдіктерді «Тұлпар-Тальго» пойызының төмендегі бағыттары бойынша пайдалануға болады: 19/20 Астана-Атырау, 87/88 Ақтөбе-Астана, 79/80 Астана-Шымкент, 77/78 Алматы-Атырау, 49/50 Алматы-Ақтөбе, 89/90 Астана-Қызылорда, 67/68 Астана-Өскемен, 69/70 Алматы-Өскемен, 35/36 Алматы-Шымкент.
Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ бұрын енгізілген «Жастар», «Құрмет», «Саяхатшы» дисконттық (жеңілдікті) карттарының көмегімен де билет сатып алуға болатынын еске салады.
Алдын ала билет алудағы 35% жеңілдікті ескерсек дисконтты карталарды пайдаланған жағдайда жолаушы жалпы 52% дейін жеңілдікке қол жеткізе алады.
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Cалықтық декларациялау: тапсыру мерзімі, көрсетілетін деректер және іс-шаралар жоспары -
«Болашақ» бағдарламасына құжат тапсыру мерзімі мен жаңа талаптар -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады -
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ -
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады -
Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап карантин енгізіледі -
Алматы облысы қайта өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтуда көш бастап тұр -
COVID-19: Вирусқа қарсы екпе салдыратын еріктілерге қандай жеңілдіктер бар, демалыстағы шектеулер қашан алынады -
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартыла ма