- Басты
- Жаңалықтар
- Индустрияландырудың I бесжылдығының жобалары (ФОТОЕСЕП)
Индустрияландырудың I бесжылдығының жобалары (ФОТОЕСЕП)
Онлайн режимде Елбасы «Пустынное» кәсіпорынының тау-металлургиялық кеңейту және қайта құру» зауыты, алтын өндіруші фабриканы іске қосты. Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында жүзеге асқан жоба жылына 2 млн тонна кен өндіреді.


Алтын өндіруші фабрика базасында заманауи алтын өңдеу технологиясы енгізілді. Ол елдің табиғи ресурстарын тиімдіә қолдануға мүмкіндік береді.
Жобаның жүзеге асуы 500 жаңа жұмыс орнын ұсынды.
Сондай-ақ, пайдалануға Шығыс Қазақстандағы «Посук Титаниум» ЖШС. Титан құймалары мен балқымалары өндірісінің зауыты берілді.


«Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС
«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС – жоғары сапалы сараланған төзімді рельстерді шығарумен айналысушы әлем кәсіпорындарының тізіміне кіретін және де Қазақстандағы орташа және пішінді илектің жалғыз өндірушісі болып табылатын бірегей кәсіпорын.
Зауыттың жобалық қуаттылығы – жылына 430 мың тонна дайын өнім, соның ішінде200 мың тонна рельс және 230 мың тонна пішінді илек. Осы өнімнің сұрыпталымы— арқалықтар, бұрыштартар, швеллерлер — құрылыс нарығында жоғары сұранысқа ие.




Сондай-ақ, Орал трансформатор зауыты (электротехникалық өнімдер өндірісі) іске қосылды.



Халықаралық Батыс Еуропа-Батыс Қытай транзиттік дәлізі: Сырдария өзені арқылы 220 метрлік көпірді пайдалануға беру. Бір жыл ішінде 157 шақырым ЗЕ-ЗК автомгистралі пайдалануға берілген.
«Транзиттік жол» – Қазақстан Республикасы үшін ерекше орын алатын көліктік- коммуникациялық өтеулерді экспорттау формасы. Халықаралық транзиттегі Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері көліктік дәліздерде қатысуымен қарастырылады.
Телекөпір аясында мұнай сақтау және мұнай өнімдерін сақтау терминалы «АСКИ-Маңғыстау» ЖШС ашылды.
Алматы облысында "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА құрғақ портын пайдалануға берілді.




Сондай-ақ, Алматы қаласында Мата өндірісі. "Сәуле" тігін-тоқыма фабрикасы ЖШС мен «Назар Текстиль» ЖШС. «Оңтүстік» АЭА-да Бельгиялық технология бойынша кілемдер өндірісі іске қосылды.


«Қазақстанның жаңа индустриялануы» жалпыұлттық телекөпірі барысында Мемлекет басшысы Атырау МӨЗ базасындағы хош иісті көмірсутектерді өндіру бойынша кешеннің пайдалануы іске қосылды.
2015 жылдың ақпан айында тұңғыш ИӨК кешенінің ашылуы жоспарланған.
Сондай-ақ, телекөпір барысында Павлодарда Ұнтақ полипропилен грануляциясы цехы "Компания Нефтехим LTD" ЖШС ашылды.
Жамбыл облысындағы қуаты 21 МВт жел электрстанциясы құрылысының 1-ші кезеңінің аяқталды (9 МВт).
Қордай ЖЭО құрылысы электр энергиясының тапшылығын аудан аймағында шешітін болады.
Сонымен қатар, СҚО-да «ӘулиеГолдМайнинг» ЖШС алтын өндіру фабрикасы мен Астанада «Астык Логистик» ЖШС "А" сыныбының қоймалық кешені ашылды.
2010-2014 жылдар аралығында 75 тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, 770 жоба пайдаланылуға енгізілген.80% пайдалануға берілген жобалар жоспарлы қуаттылыққа шықты. Оның 56%-ы 100% жүктемелемен жұмыс істейді.Жаңа кәсіпорындар 4 трлн. теңгеге өнім шығарып, оның 628 млрд. теңгедегі өнімін экспорттады.
Бұдан өзге өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлемінен Картаның енгізілген жобалары есебенін 12,4% өндірілді (594,3 млрд. теңгеден 4,8 трлн. теңгеге дейін).
Камила Амирова
-
«Тәуелсiздiк ұрпақтары» және «Профнавигация» жобаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Сот-сараптама реформалары: сот дәрігерлерінің еңбекақысы, мәйітхана ғимараттары мен жаңа Заң жобалары -
НҚА жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын кімдер және қалай жүргізеді -
Сенат: Заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек -
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ -
Сенат отырысы: Қандай заң жобалары қабылданды -
Г.Мұштанова: Үкіметтік емес ұйымдардың жобалары ауыл-аймақтағы проблемаларды шешуге бағытталған -
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
М.Бекетаев: Заң жобалары бойынша ғылыми-құқықтық сараптаманы тізімдегі сарапшылар жүргізеді -
"Bolashaq" қауымдастығы "Жастар және инновация" және "Bolashaq Books" жобаларын жүзеге асырады -
Мал шаруашылығын дамыту жобаларына басымдық беріледі -
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 2020 жылы ірі автожол жобаларын іске асыруды аяқтауды тапсырды -
ҮЕҰ-дың әлеуметтік жобалары: 3,4 млрд теңгеге 128 жоба жүзеге асырылды -
ӘМСҚ 2020 жылға арналған бюджет жобаларын тыңдау жұмыстарын өткізді -
Мәжіліс бірқатар заң жобаларын мақұлдады