• Басты
  • Алматы облысында ҚХА-ның 20 жылдығына 80-нен астам шара ұйымдастырылады

Алматы облысында ҚХА-ның 20 жылдығына 80-нен астам шара ұйымдастырылады

2 Ақпан, 2015 14:06
Алматы облысында ҚХА жылы аясында 80-ге жуық шара өткізу жоспарланған.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығынан басқа 7  облыстық басқарма, аудан, қала әкімдіктері және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті мен «Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз жоспарында арнайы іс-шаралар өткізуді көздеп отыр.

Облыс әкімдігі хабарлағандай, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын ұйымдастыру және өткізудің жалпы ұлттық негізде дайындалған Алматы облысының  әкімі А.Баталов 2014 жылдың 25 желтоқсанында өңірлік жоспарды бекітті.

2015 жылдың 6 ақпанында Талдықорған қаласының «Жастар» спорт сарайында «Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылының бастау алуы» синхрон-акциясы болады. Бұл шараға шамамен 2000-нан астам жетісулықтар мен қала қонақтары қатысады. Синхрон-акция облысымыздың барлық қалалары мен аудандарында бір мезгілде өтеді.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 дейінгі даму Тұжырымдамасы Елбасының бейбітшілік және келісім, «Бір ел, бір халық» саясатының қағидаттарына негізделген.

Облыстық басқармалар  өткізетін шаралар: облыстық тілдерді дамыту басқармасы  - өзге ұлт өкілдерінің арасында «Тіл – татулық тірегі» мемлекеттік тілді білу байқауы; облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы - Наурыз мейрамы мерекелік салтанатты іс-шаралары; облыстық жастар мәселелері жөніндегі басқармасы - «Жасыл ел» бағдарламасы аясында ағаш отырғызу; аумақты тазалау және абаттандыру  Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған «Voice-2015» вокалды байқауы болады.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің базасында  Қазақстан халқы Ассамблеясының  құрылуына, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған ғылыми – тәжірибелік конференциялар, университеттің жанындағы орыс халық аспаптары ансамблінің 30 жылдығына арналған мәдени – көпшілік шара ұйымдастырылады.

Ш.Уәлихановтың 180  жылдығына орай «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» атты халықаралық іс-шаралар кешені өткізіледі.

Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» мәжілістері, форум, кездесулер әр түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.

Аталған іс-шараларды өткізуден төмендегідей нәтижелер күтіледі.Олар: қазақстандықтардың санасындағы бейбітшілік және қоғамдық келісім идесын нығайту;тұрақтылықты, тәуелсіздікті сақтау және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру ісін жалғастырып,  Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуетін іске асыру.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының Жылы болып жарияланды.Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылы – бұл достық жылы, қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының бірлігі, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім моделі.

 

Барлық жаңалықтар