• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылы Назарбаев Университетінде Медицина мен тау-кен шеберлігі мектебі ашылады

2015 жылы Назарбаев Университетінде Медицина мен тау-кен шеберлігі мектебі ашылады

2 Қазан, 2013 18:17
Назарбаев Университетінде Медицина мен тау-кен шеберлігі мектебін ашуға қарқынды дайындық жүруде, деп оқу ордасының баспасөз қызметі хабарлады.

«2015 жылы Назарбаев Университетінде Медицина мен тау-кен шеберлігі мектебі ашылады. Айта кетрлігі, 2013 жылы университет магистратура және докторантура бөліміне студенттерді қабылдады. Жалпы, ЖОО-на 126 адам келді», - деп хабарламада жазылған.

Мемлекеттік саясат мектебіне 22 адам түсті. Магистранттардың көпшілігі мемлекеттік органда тәжірибелері бар. Жоғары білім беру мектебіне 74 магистрант пен 12 докторант қабылданды. Олардың ішінен  PhD бағдарламасы бойынша 1 халықаралық студент, Мексика азаматы.

Жоғары кәсіп мектебіне қазіргі таңда Executive MBA бағдарламасы бойынша 18 адам оқып жатыр. Студенттердің негізгі бөлігі халықаралық және қазақстандық ірі корпорациялардың топ-менеджерлері. 

Барлық жаңалықтар