Қармақшы ауданында дәрігерлік амбулатория ашылды (Фото)

2 Ақпан, 2015 09:24
Қармақшы ауданы ІІІ интернационал ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды. Ауыл тұрғындарының қуанышымен аймақ басшысы бөлісті.

30 келушіге арналған денсаулық нысанында тұрғындарға сапалы қызмет көрсету үшін бар жағдай жасалған. Медициналық аппараттар соңғы үлгіде. Аурушаңдықты дер кезінде анықталып, осында ем жасалады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Енді тұрғындар дәрігерге көріну үшін бұрынғыдай аудан орталығына қатынамайды

Ауыл әкімі Бақытбек Байбарақов тұрғындардың саны артып келе жатқанын айтады. Ауылда туу көрсеткіші жоғарлаған. Оның үстіне сырттан қоныс аударып келушілер де көп. Бұл ауылдың өркендеп келе жатқандығының белгісі. 

Барлық жаңалықтар