• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысы Алакөл ауданында 23,5 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Алматы облысы Алакөл ауданында 23,5 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

1 Ақпан, 2015 17:41
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алакөл ауданына жұмыс сапары барысында аудан әкімі Ә.Жақанбаевтың тұрғындар алдындағы есебіне қатысты.

Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, өндірілген ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 23,5 млрд. теңгені құраса, 15 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылды, сонымен қатар ағымдағы жылы қосымша 300 жұмыс орны бар жаңа 7 өндіріс орны ашылды.

««Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауындағы басым бағыттар мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, бұл біздің басты мақсатымыз. Сол үшін де ауылшаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, туризм, индустриялдық аймақтардағы құрылыстар, инвесторлар тарту сияқты жұмыстар белсенді және уақытылы жұмыстарды талап етеді. Осы бағытта тынбай еңбек ету қажет», - деді А.Баталов.

Сонымен қатар, жиын барысында облыс әкімі А.Баталов аудан тұрғындарынан келіп түскен сұрақтарға нақты жауаптар берді.

Үшарал қаласы тұрғынының Үшарал – Талдықорған және Үшарал – Алматы бағытында әуе қатынасы орнатылса деген сұрағына, облыс әкімі бұл жұмыстың қолға алынатындығын жеткізді.

Ал, Бескөл елді мекеніндегі темір жолдың үстінен жаяу жүргіншілер өтетін көпір туралы қойылған сұраққа қатысты облыс әкімі облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысына бұл мәселені түбегейлі анықтап, ұсыныс беруді тапсырды.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауында үнемі тың ұсыныстар, дағдарыстан шығудың жолдарын көрсетеді. Осыларды жүзеге асыру үшін бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Өткен жылы аудан көлемінде көптеген жұмыстардың жасалғаны анық, алайда алдымызда атқарар жұмыстар мұнан да көп», - деп қорытындылады А.Баталов.

Барлық жаңалықтар