- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы ҚК мергендері бірлескен даярлықтан өтеді
Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы ҚК мергендері бірлескен даярлықтан өтеді
1 Ақпан, 2015 16:38
Жаркент қаласындағы 74261 әскери бөлімінің базасында Аэроұтқыр әскерлері бөлімшелерінің мергендерімен олардың кәсіби машықтану деңгейлерін арттыру, сондай-ақ мерген мамандарды даярлау әдістемесін жетілдіру мақсатында жиын өткізіледі, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
«Сабақтардың жалпы мақсаты – мергендер бөлімшелеріне даярлық, жауынгерлік іс-қимылдар жүргізу тәжірибесін беру және қысқы жағдайда бүркемелену тәртібін үйрету», - делінген хабарламада.
Жиынға ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінен 170-ке жуық мерген және Қырғызстан Республикасы Қарулы Күштерінің 6 өкілі тартылған.
Аталып өткендей, бұл жиын Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы бекіткен Аэроұтқыр әскерлері бөлімшелерінің мергендерін даярлау бағдарламасына сәйкес өтуде.
Мергендермен өткізілетін сабақтарды АэҰӘ құрамалары мен бөлімдерінің мергендерді даярлау жөніндегі нұсқаушылары тактикалық, инженерлік даярлық, атыс барлау даярлығы және әскери топография сияқты негізгі пәндер бойынша ұйымдастырып, өткізуде.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды