- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанай облысының соты 2014 жылды қорытындылады
Қостанай облысының соты 2014 жылды қорытындылады
ҚР Жоғарғы сотынан хабарлағандай, Жиналыс барысында өткен жылғы статистикалық мәліметтер 2013 жылмен салыстырып қарастырылды. Мәселен, мәліметтерге сүйенсек, азаматтық істер саны артқан. 2014 жылы облыс соттарына 53 мыңнан астам талап арыз бен іс түскен, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 6 974 іске артық. Ал, әкімшілік істер саны 8,9 пайызға кеміген, мұндай істер – 27 901.
Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысына тоқталар болсақ, өткен жылы облыс соттарымен барлығы 3070 іс, 689 тұтқындауға санқция беру материалы қаралып, 23 тұлғаға қатысты ақтау үкімі шығарылып, 43 тұлға жауапкершіліктен босатылған, 1014 іс медиативті келісіммен аяқталған.
Сот төрелігін жүзеге асыруға қатысты негізгі мәселелермен қатар, «Қостанай облыстық соты кеңсесі» ММ басшысы Н.Қатарбеков облыс соттарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету негізінде жүргізілген жұмыстар туралы ақпаратқа, соттарда жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуі, сот процестерінің дыбыс-бейне жазылуы, т,б, тоқталды.
Мәжіліс соңында облыстық сот төрағасы Ғалымжан Мырзаке әріптестерінің сөзін қорытындылап, Қостанай облысы соттары қауымдастығына алдағы уақытқа тапсырмалар қойды.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері