• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да сапалы координаттық-уақыттық қызметтер ұсыну үшін жерүсті станциялар желісі өрістетілді

ҚР-да сапалы координаттық-уақыттық қызметтер ұсыну үшін жерүсті станциялар желісі өрістетілді

1 Ақпан, 2015 10:47
Қазақстанда сапалы координаттық-уақыттық қызметтер ұсыну үшін жерүсті станциялар желісі өрістетілді, деп хабарлады ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті.

ИДМ хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының 2015 жылғы 26 қаңтардағы №16/НҚ бұйрығымен дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің (бұдан әрі –ЖСНЖ) мынадай негізгі элементтері пайдалануға енгізілді.

Атап айтар болсақ, дифференциалдық түзету және мониторинг орталығы (бұдан әрі –ДТМО) ЖСНЖ орталығының ғимаратында (Астана қ., Ұлттық ғарыш орталығы) орналасқан, бұл нақты уақыт масштабында желілік операциялардың жай-күйі туралы ақпарат алуға, деректерге, жүктеу жолдарына кіру рұқсатын бақылауға, биллинг немесе статистика жөнінде есептер жасауға мүмкіндік береді. ДТМО барлық құралдары жүйенің тәулік бойы жұмыс режимін қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, спутниктік навигациялық аппаратураның сәйкестігін бағалау жөніндегі зертхана ЖСНЖ орталығының ғимаратында (Астана қ., Ұлттық ғарыш орталығы) орналастырылды және спутниктік навигациялық аппаратураның өлшеу құралдарын тексеру және сынау функцияларын орындауға арналған.

Сонымен қатар, теңіз жергілікті дифференциалдық станциясы (Баутино к., Каспий теңізінің жағалауы) порт (гавань) акваториясына кіре берісінде және маневрлар кезінде әрі жарияланған жұмыс аймағы шегінде кемелер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ЖНЖЖ навигациялық сигналдарына түзетуші ақпаратты қалыптастырады және радиомаяк режимінде таратады.

Барлық жаңалықтар