• Басты
  • Жаңалықтар
  • БҚО Зеленді ауданының үш ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі

БҚО Зеленді ауданының үш ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі

31 Қаңтар, 2015 19:34
«350 ДА, ФАП және емхана құрылысы» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламалары бойынша БҚО Зеленді ауданының Махамбет, Мичурино және Трекино ауылдарында дәрігерлік амбулатория салынбақ.

Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, жаңа нысандарда тіс дәрігері кабинеті, акушер-гинеколог кабинеті, зертхана мен күндізгі стационар жұмыс істейтін болады.

Хабарламада айтылғандай, Махамбет ауылында дәрігерлік амбулатория салу үшін жергілікті бюджеттен 95,1 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен Трекино ауылында да 103,7 млн теңгеге амбулатория салынады.

Мичурино ауылында тәулігіне 75 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы қолға алынбақ. оған республикалық бюджеттен 158,8 млн теңге бөлінген. 

Барлық жаңалықтар