Ақмола облысында Халықаралық туристік форум өтеді

31 Қаңтар, 2015 17:37
Ақмола облысы Ақкөл қаласында «Жаңа Ақкөл – Экологиялық туризм орталығы» атты I халықаралық туристік форум өтеді.

«Ақмола Медиа Орталығының» хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» өту кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылмақ.

Халықаралық туристік форумда билік, бизнес, кәсіби туристік және академиялық қауымдастық, жастар ұйымын бірлестіру жолдарын талқылау жоспарлануда.

Сонымен қатар ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында көшпелі және ішкі туризм саласындағы туристер ағымын арттыру әдістері қаралмақ. 

Барлық жаңалықтар