- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысы Алакөл ауданының орталық қазандығы 62 мекемені жылумен қамтамасыз етпек (ФОТО)
Алматы облысы Алакөл ауданының орталық қазандығы 62 мекемені жылумен қамтамасыз етпек (ФОТО)
Алакөл ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде және 2015 жылға арналған басым бағыттары туралы есебімен сол өңірдің әкімі Әлібек Жақанбаев баяндама жасады.
Аудан әкімінің есептік баяндамасында өндірілген ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 23,5 млрд. теңгені құрап, 15 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылғандығы, сонымен қатар ағымдағы жылы қосымша 300 жұмыс орны бар жаңа 7 өндіріс орнын ашу мәселелері айтылды.
Кездесуде аудан тұрғындары Қанатхан Нүсіпов, Ұлжалғас Дүйсебаева және қоғамдық ұйым өкілі мен дәрігерлер өздерінің баяндамаларын жасады. Аталған тұлғалар өз баяндамаларында ауданның алдағы уақыттағы даму жұмыстарына тоқталды.
"Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауында үнемі тың ұсыныстар, дағдарыстан шығудың жолдарын көрсетеді. Осыларды жүзеге асыру үшін бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Біз бүгін Алакөл ауданының әкімі Ә.Жақанбаевтың аудан тұрғындары алдындағы есебінде отырмыз. Өткен жылы аудан көлемінде көптеген жұмыстардың жасалғаны анық, алайда алдымызда атқарар жұмыстар мұнан да көп", - деді әкім.
Жиын барысында облыс әкімі А.Баталов аудан тұрғындарынан келіп түскен сұрақтарға нақты жауаптар берді. Үшарал қаласының тұрғыны Клавдия Власенконың Үшарал – Талдықорған және Үшарал – Алматы бағытында әуе қатынасы орнатылса деген сұрағына, облыс әкімі бұл жұмыстың қолға алынатындығын жеткізді. Бескөл елді мекеніндегі темір жолдың үстінен жаяу жүргіншілер өтетін көпір туралы қойылған сұраққа қатысты облыс әкімі облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Е.Жасыбаевқа бұл мәселені түбегейлі анықтап, ұсыныс беруді тапсырды.
Бұдан басқа тұрғындар облыс әкімінен Көктұма ауылындағы жағалауларға тосқауыл қою, көксерке балығын аулауға тыйым салуды алып тастау және «Вита Соя» ЖШС шаруаларының қарызын қайтарып беру сынды мәселелердің шешілуіне ықпал етуді сұрады. Келесі кезекте А.Баталов аудан басшылығына ең маңызды салалардағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда