200-ден астам жас көшбасшы VI халықаралық KAZENERGY жастар форумына қатысады

2 Қазан, 2013 17:14
2013 жылдың 8-9 қазан аралығында «Energize your future» VI халықаралық KAZENERGYжастар форумы өтеді, деп хабарлайды KAZENERGY Ассосациясының баспасөз қызметі.

«Халықаралық KAZENERGY жастар форумы ірі халықаралық шара болып табылады. Оған Қазақстанның 200-ден астам жас көшбасшымен қатар, энергетика секторы, мемлекеттік билік пен бизнес өкілдері қатыспақ. Бүгінде KAZENERGY энергетика секторы кәсіпкерлігі Ассосациясы бірнеше жылдар бойы елімізде техникалық мамандар ды дайындауды жүйелі және динамикалы түрде жүзеге асырып келе жатқан жалғыз бірлестік», - делінген ассоциация хабарламасында.

Форумда талқыланатын негізгі тақырыптардың қатары: «Ірімұнай-газ жобаларын жетілдірудің болашағы мен оны кадрмен қамтамасыз етумәселелері: мүмкіндіктері, шешу жолдары», «Жас маманның мансабы: жұмысберушінің көзқарасы», «Кәсіптік мансапты басқару: жас мамандардың мүмкіндіктерімен болашағы».

 

Барлық жаңалықтар