- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы ҚР ҚК офицерлер құрамын аттестациялау екі кезеңде өтеді
2015 жылы ҚР ҚК офицерлер құрамын аттестациялау екі кезеңде өтеді
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, аттестация әскери қызметшілердің атқаратын лауазымдарына сәйкестіктері мен оларды әрі қарай қызметте пайдалану перспективаларын, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қызмет мерзімін ұзартудың орындылығын, әскери қызметшілерді даярлау (қайта даярлау) жұмыстарын жетілдірудің бағыттарын айқындайды. Сонымен қатар, аттестация қызмет сатысымен көтерілу үшін әскери қызметшілердің кадрлық резервін қалыптастыру немесе оқуға жіберу және әскери қызметшілерге кемшіліктерді жою жөніндегі кеңестер әзірлеу міндеттерін атқарады.
Биыл Қарулы Күштер офицерлік корпусын жоспарлы аттестациялау2015 жылғы 12 қаңтар мен 1 қараша аралығында екі кезеңде өтеді. 2015 жылғы 12 қаңтардан 1 маусымға дейін аттестациялаудан батальон (дивизион), база командирі, орынбасарлары және оған тең лауазымдарды атқаратын офицерлер өтеді. Сонымен қатар, қызметте және жеке тәртібінде айтарлықтай кемшіліктері бар офицерлер де тексеруден өтеді. 2015 жылғы 1 маусым мен 1 қараша аралығында өтетін аттестациялаудың екінші кезеңінде қалған офицерлер құрамы атестатталатын болады.
Аттестация барысын тиімді бақылау мақсатында кезеңдері төрт шағын кезеңге бөлінген.
Екінші кезең екі бөлімнен тұрады.Әр шағын кезең соңында офицерлік құрамды аттестациялаудың қорытындылары БАҚ-та жарияланып, аттестация барысын талдау жұмыстары жүргізілетін болады.
Кадр органдардардан басқа, аттестациялауға психологтар, заңгерлер, жауынгерлік даярлық және дене даярлығы офицерлері қатысады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр