- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана Опера» әлемдік опера және балет театрларының парадын өткізеді
«Астана Опера» әлемдік опера және балет театрларының парадын өткізеді
«Астана Опера» театрының баспасөз қызметі хабарлағандай, «Астана Опера» гастрольден оралды. Бір апта бұрын итальяндық Генуя қаласы өзін не күтіп тұрғанын білген де жоқ. Екі жүз ғасырлық тарихы бар «Карло Феличе» театрының күнделікті өмірінің тынышын бұзған таңғажайып қойылымдар, генуялық басылым беттерінде әлі ұзақ талқыланады.
«Карло Феличе» театрының фойесінде Expo 2017 арналған фото-экспозиция ұсынылғанын естеріңізге сала кетейік. Маңызы жоғары бұл шараға орай «Астана Опера» театры Ла Скала мен Метрополитен-опера сияқты әлемдік опера және балет театрларының шеруін өткізуді жоспарлап отыр. «Карло Феличе» де өз келісімін берді. Көрермендер ұсынылған фотоларды үлкен қызығушылықпен тамашалап, көпшілігі Қазақстанға келгілері келетінін айтып қалды.
Аталып өткендей, гастроль барысында жүрген келіссөздер нәтижесінде итальяндықтардың «Астана Опера» труппасымен өз сахнасында 2015 жылдың желтоқсанында, Юрий Григоровичтің қойылымындағы жаңажылдық «Жаңғақ шаққыш» спектаклінде қайта қауышатыны белгілі болды. Бұдан бөлек «Карло Феличе» театрының әкімшілігі елордалық труппаның 2016 жылы, қазақстандық хореографтар, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек Нұрқалиев пен Ғалия Бөрібаеваның қойылымындағы «Аққу көлі» балетімен келетінін талқылады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар