- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 2014 жылы 476,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынды
Ақтөбе облысында 2014 жылы 476,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынды
Облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, 2014 жылдың қорытындысы бойынша 476,125 мың шаршы метр пайдалануға берілді, бұл жылдық жоспарға 102,3 пайызды немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 103,2 пайызды құрады.
Облыс орталығында жалпы алаңы 29,0 мың шаршы метрді құрайтын үш несиелік тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жалпы алаңы 64,78 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға енгізілді, бұл 726 отбасыны жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Кредиттік тұрғын үйлердің құрылысына республикалық бюджеттен 3333,3 млн.теңге көлемінде қаражаттар бөлінді және толығымен игерілді.
ІСБ хабарлағандай, 2014 жылы ЖАО кезекте тұрғандар үшін жалпы алаңы 9,2 мың шаршы метрді құрайтын жалға берілетін тұрғын үй жоспарланған. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жалпы алаңы 19,28 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға берілді (Алға, Ырғыз, Қобда, Темір, Ойыл, Хромтау аудандарындағы 1,2,8 және Ақтөбе қаласындағы 216 пәтерлі тұрғын үйлер), бұл жоспардан 2,1 есе артық, бұл 268 отбасыны жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Республикалық бюджеттен 714,66 млн.теңге соммасында қаржыландыру қарастырылған және жылдың қорытындысы бойынша толығымен игерілген.
2014 жылы құрылысы 2013 жылы басталған «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивіндегі 216 пәтерлі №5 А,Б,В,Г жалдамалы тұрғын үйді пайдалануға беру қарастырылды. Жылдың қорытындысы бойынша жалпы алаңы 19,04 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға енгізілді, бұл жоспарға 244,2 пайызды құрады. Республикалық бюджеттен 1256,8 млн. теңге көлемінде қаражаттар бөлініп толығымен игерілді.Пәтерлерді бөліп беру 2015 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.
2014 жылдың қорытындысы бойынша жалпы алаңы 10,25 мың шаршы метрді құрайтын 127 пәтер пайдалануға енгізілді, бұл «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы №15 несиелік тұрғын үйдің ішіне жаннасқан пәтерлер және Хромтау қаласындағы 24 пәтер әкімшілікте кезекте тұрғандар үшін үйлестірілді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары