- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтар онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында бейінді мамандардан тегін кеңес ала алады
Қазақстандықтар онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында бейінді мамандардан тегін кеңес ала алады
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, шара шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарында және онкологиялық диспансерлерде ашық есік күндері ұйымдастырылады. Онкүндік мақсаты – онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте кезеңде анықтау мәселелерінде тұрғындардың және медициналық қызметкерлердің хабардарлығын арттыру, сондай-ақ, скринингтік тексерулерді уақытылы өтудің қажеттігі жөнінде халықты ақпараттандыру болып табылады.
Шара шеңберінде республиканың барлық өңірінде МСАК ұйымдарында онко-қырағылықты арттыру және онкологиялық аурулардың алдын алу мәселелері бойынша медициналық қызметкерлерге семинарлар және халық көп жиналатын орындарда: супермаркеттерде, авто және темір жол бекеттерінде, кәсіпорындарда, білім беру ұйымдарында кең ауқымды іс-шаралар өткізіледі. Азаматтарға скринингтен өтуге шақыртулар және ақпараттық материалдар таратылады. МСАК ұйымдарында және онкодиспансерлерде ашық есік күндері ұйымдастырылып, кардиолог, эндокринолог, пульмонолог, акушер-гинеколог, уролог және онколог мамандар кеңес береді.
Айта кетейік, халықаралық обырға қарсы одақтың бастамасымен Бүкіләлемдік обырға қарсы күрес күні жыл сайын 4 ақпанда атап өтіледі.
Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді азайту – «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі.Бүгінгі таңда отандық денсаулық сақтау ұйымдарында обырды диагностикалау және емдеуге қажетті барлық озық технологиялар бар. Әсіресе, ауру ерте кезеңде анықталған жағдайда науқас үшін обырдан толықтай айығып кетуге мүмкіндік бар. Профилактикалық медициналық тексерістер қатерлі ісіктің алдын алуда және ерте кезеңде анықтауда ең тиімді амал болып табылады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады