• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық шенеуніктерді сақтандыру үшін мемлекеттік қызметкерлердің пара алып жатып қолға ұсталған кездеріндегі бейнелер көрсетілді

Қазақстандық шенеуніктерді сақтандыру үшін мемлекеттік қызметкерлердің пара алып жатып қолға ұсталған кездеріндегі бейнелер көрсетілді

2 Қазан, 2013 17:12
ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің (қаржы полициясы) ақпараттық-сараптамалық департаменті бастығы Олжас Бектенов мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы айтты.

 «Қылмыстың алдын алу қаржы полициясының басты бағытты ретінде танылған. Сыбайлас жемқорлық туралы дөңгелек үстел, семинарлар мен лекциялар ұйымдарымен бірге мақсатты аудитория арасында түрлі алдын алу шаралары өткізілді. Мысалға, шенеуніктерді сақтандыру үшін мемлекеттік қызметкерлердің пара алып жатып қолға ұсталған кездеріндегі видеолар көрсетілді», деп мәлімдеді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша,қаржы полициясы қызметкерлері жемқорлыққа барынша ұрынуы мүмкін мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өткізіп жатыр. Бәрінен бұрын, бақылау және рұқсат беру құзіретіндегі қызметкерлер халықпен тығыз жұмыс істей отырып мемлекттік қызмет көрсетеді немесе бюджет қаржысын бөле алады.

 

Барлық жаңалықтар