- Басты
- Жаңалықтар
- А.Мұхамедиұлы: Қазақ әліпбиінің латын жазуына көшуінің негізгі шаралары 2025 жылы басталады
А.Мұхамедиұлы: Қазақ әліпбиінің латын жазуына көшуінің негізгі шаралары 2025 жылы басталады
«Латын жазуына көшу ұзақмерзімді бағдарлама, онда қай жылдары өту үдерісі басталатындығы жазылған. Негізгі қадамдар 2025 жылы басталады», - деді министр.
А.Мұхамедиұлы атап өткендей, қазақ тілі өзінің ұлттық ерекшеліктері мен айтылу мәнеріне ие.
«Қазір, әрине, ғалымдар бұл мәселені жан-жақты зерттеу үстінде. Мысалға, жұмысқа ыңғайлы болуы үшін біз қазіргі қолданыстағы клавиатура аясына енуіміз керек. Алайда, біздің ұлттық дыбыстық құндылықтарымыз бұл тар алаңның аясына сыймайды. Біздің фонетикамыздың да шеңберінен шығып кетеміз. Ал оны компьютерге енгізу қиын мәселе. Ал қосымша оған жағдай жасау, оңай іс емес», - дейді ол.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, біз халықаралық қауымдастыққа табиғи түрде интеграцияланып, елдегі білім беру жүйесіне кесірімізді тигізбеуіміз керек.
«Біз барлық оқу құралдарын дайындап, дайын нәрсені қабылдап қана қоймай, оны отандық жүйе мен бағдарламаларға сәйкестендіру керек. Сол себепті осындай жеделдетілген түрде жүзеге асырылуда. Бағдарламаға сай бұл қозғалыстың қажеттілігі жоғары. Менің ойымша, асығыстық ету орынсыз. Өйткені қандай да бір шалт қимыл елдегі білім беру жүйесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Латынға өту мәселесі бойынша бағдарлама қабылданған, қазір жұмыстар өз бабымен жүргізілуде», - дейді министр.
Индира Қауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді