- Басты
- Жаңалықтар
- Семейдегі оқу-жаттығу шараларына 80 әскери байланысшы қатысты
Семейдегі оқу-жаттығу шараларына 80 әскери байланысшы қатысты
Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, сабақтарға барлығы 80-нен астам әскери қызметші жұмылдырылды. Олар топтық және көрсетілімдік сабақтарға қатысты. Арнайы даярлық бойынша топтағы сабақтар «Арнайы операцияларды жүргізуді ұйымдастыру бойынша байланыс бастығының жұмысы», «Радиожаттығуларды өткізу тәртібі», «Жылжымалы радиобайланыс жүйесі» атты тақырыптарда өтті. Сабақтың қорытынды кезеңінде байланысшылардалалық байланыс торабын өрістетіп, командалық-штабтық машинаның жаңартылған құрылғысын көрсетті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Байланысшылардың міндеттері оңай еместігін айта кеткен жөн. Арнайы білімнен басқа, әскери қызметшінің дене даярлық деңгейі жоғары болу керек. Өйткені әдеттегі жауынгерлік жинақ пен киім-кешекке қоса, әрбір байланысшы арқасында радиостанция орнатылады. Оның салмағы кейде 20 килограмға дейін жетеді. Бір қызығы, байланыс бөлімшелерінде әскери қызметші әйелдер саны аз емес.
Олар коммутаторларда, радиостанцияларда, желілерде кезекшілік атқарады. Бүгінде байланысшы әйелдердің техникалық даярлығы ер азаматтардан кем түспейді.
«Мысалы әрқайсысымызда жеке ұялы телефондарымыз бар. Әскери байланысшылар – көзге көрінбейтін майданның жауынгерлері. Олар туралы аз әңгімелейді, олардың атқарып жатқан орасан зор қызметтері көзге көрінбейді. Алайда, байланысшыларсыз армияны елестету қиын. Түрлі жылдарда, бүгінгі күннен алыс қалған уақыттарда да қабылданған немесе берілген ақпарат шайқас бағытын, халықтардың, мемлекеттердің, империялардың тағдырларын шешкен», - дейді бөлім командирі подполковник Даурен Заданов.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
COVID-19: Қазақстанда эпиджағдайға қатысты болжам өзгерді -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты