• Басты
  • Жаңалықтар
  • СҚО-да жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт» спорт клубы жұмыс істеуде

СҚО-да жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт» спорт клубы жұмыс істеуде

2 Қазан, 2013 16:52
Солтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылдың басынан бері СҚО-да жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт» спорт клубы жұмысістеп тұр, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Мүмкіндігі шектеулі жандардың барлық жастағы тобы үшін ағымдағы жылы «Үміт» спорт клубы ашылды. Онда мүгедек-спортшылар спорттың 9 түрімен айналыса алады. Қазіргі уақытта клубта 75 адам спортпен шұғылданады», - делінген хабарламада.

Бүгінде облыс аумағында спорт және дене шынықтырумен жүйелі түрде 143 мың адам айналысады. Бұл жалпы тұрғындардың 24,7 %-ы.

Биыл облыстың барлық аудандарында балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубы ашылды. Онда шамамен 6 мың жасөспірім қамтылған. Қазір біздің осы тәжірбиеміз республиканың өзге де өңірлерінде қабылданып жатыр.

Бұқаралық спортты дамытудың жүйелі шарасы спортта жоғары жетістіктерге қол жеткізуге бастама. Қазіргі таңда 295 солтүстік қазақстандықтар спорттыңәр түрі бойынша ҚР Ұлттық құрама командасына кіреді.

 

 

Барлық жаңалықтар