- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында ҮИИДМБ аясында 2014 жылы 39,5 млрд теңге болатын 15 жоба пайдалануға берілді
Павлодар облысында ҮИИДМБ аясында 2014 жылы 39,5 млрд теңге болатын 15 жоба пайдалануға берілді
ҮИИД бағдарламасы аясында инвестиция сомасы 274,4 млрд. теңге болатын 68 жоба іске қосылды, 5600 аса жаңа жұмыс орны ашылды. Ал, 2014 жылы сомасы 39,5 млрд. теңге болатын 15 жоба пайдалануға берілді (1245 жұмыс орны). Бүгінгі таңда аталмыш іске қосылған жобалардың 48-і толық қуатында (70-тен 100% дейін) жұмыс жасап тұр.
Облыстың инвестициялық қызметінде оң динамикаға қол жетті. 2014 жылы облыстың негізгі капиталына 347,8 млрд. теңге тартылды. Өсім - 19,3%. «2014 жылы өңірдің тұрғын үйлер құрылысына 13,4 млрд. теңге инвестиция құйылды. Барлық қаржыландыру көздері есебінен 201,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өсім - 24,3%», - деді Т.Шәріпов.
Өткен жылы шағын және орта бизнес саласында белсенді субъектілер саны 34,0 мың бірлік немесе 100,1% құрады. 2014 жылдың 9 айы бойынша осы сегментте қызмет еткендер саны 1,1% өсті, өнім шығару 5,6% артты.
Бүгін аймақ басшысы Қ.Бозымбаевтың төрағалық етуімен ағымдағы жылдың тұңғыш кеңейтілген әкімдік мәжілісі болып өтті. Мәжілісте Павлодар облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есебі тыңдалып, 2015 жылдың басты міндеттері белгіленді.
Кеңейтілген мәжіліс қорытындысы бойынша аймақ басшысы Қ.Бозымбаев сауда және туризм басқармасы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламалары бойынша жұмыстың жалғасуы мен облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы, қала және аудан әкімдерімен бірге ішкі нарықтағы, бірінші кезекте әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын жүргізуді тапсырды.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары