- Басты
- Жаңалықтар
- Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2014 жылы 2,5 трлн теңгені құрады - АШМ
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2014 жылы 2,5 трлн теңгені құрады - АШМ
Күрделі табиғи жағдайға қарамастан дәнді дақылдар оруға тиесілі 14855,3 мың. га (99,1%) жиналды. Бастапқы салмақта 18,9 млн. тонна астық (орташа өнімділік – 12,7 ц/га), бастырылды, оның ішінде бидай шамамен 14,5 млн. тонна құрады. 2,1 млн. тонна 2015 жылы астыққа деген жазғы дақылдар тұқымының қажеттілігі есебінен 1,8 млн. тонна себілді.
2015 жылғы астыққа тұқым тапшылығы мәселесін шешу үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ қараша айында бидайды форвардтық сатып алуын жариялады. Осылайша, шаруалар тұқым сатып алуға ӘКК кепілдігімен қаражат алып, келесі жылы жиналған астықтан қайтара алады.
Қазіргі таңда еліміз бойынша астық сақтау қоймалардың қуаттылығы 25,1 млн. тонна. Ү.ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 13,2 млн. тонна астық бар. Барлық астық сақтау қоймалары 52,6 %-ға жүктелген, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
«Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны ұлғайды. 2013 жылмен салыстырғанда ет өндірісі (сойыс салмағы) 3,2%-ға өсіп, 898,9 мың тоннаны құрады, сиыр сүті - 2,6 %-ға өсіп 5020,1 мың тоннаны, ал тауық жұмыртқасы - 10,1%-ға өсіп 4272,5 млн. дананы құрады. Жағымды динамика саланың барлық өндірісі мен шаруа қожалықтарында байқалуда. Қазақстан соңғы 5 жылда алғаш рет ірі қара мал етінің экспортын 14 есеге ұлғайтып, шамамен12 мың тонна ет және ет өнімін эскорттады», - делінген хабарламада.
Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша, өткен жылы мал шаруашылығының дамуына жергілікті бюджеттен бөлінген қосымша қаражат есебінен 49,8 млрд. теңге қарастырылды. «Алтын асык» қой шаруашылығы және «Құлан» жылқы шаруашылығы бойынша несиелік бағдарламалары арқасында фермерлік шаруашылықтарымен 83,8 мың қой және 11,6 мың жылқы алынды. «Ырыс» бағдарламасы шеңберінде 1800 мал басы бар 19 сүтті-тауарлы фермалар қаржыландырылды.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша көктемдік-далалық жұмыстарды уақытылы әзірлеп, өткізу, «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ, ет экспортын ұлғайтып, егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары