- Басты
- Жаңалықтар
- Бүгін Алматыда 5 балабақша ашылды
Бүгін Алматыда 5 балабақша ашылды
Қала әкімдігінің хабарлауынша, қала басшысы Алатау ауданы Ақбұлақ ықшам ауданында орналасқан 120 орынды №95 бала бақшада және мегаполистің Медеу ауданынның аумағындағы 120 орынды №124 «Арнайы» (коррекциялы) ясли-бақшада болды.
Әкім мектеп жасына дейінгі білім берудің вариативті түрін құрудың маңыздылығын атап өтті. Тәулік бойын жұмыс істейтін коррекциялық мекемелерді толықтай жергілікті бюджет қаржыландырады. Бұларда 2-7 жас аралығындағы көзі нашар көретін және тілі мүкіс балалар тегін білім алады. Кішкентай кезінен ем алған мұндай балалардың 70 пайызының көзі мен сөйлеу мәнері қалыпқа келетіндігі анықталған. Қазіргі кезде Алматыда мектеп жасына дейінгі 9 коррекциялық балалар мекемелері жұмыс істейді.
Қала әкімі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсыруы бойынша балаларға мектеп жасына дейінгі білім беруге айрықша назар аударылатындығын атап өтті. Мысалы, 2014 жыл «Алматы қаласында білімді дамыту жылы» деп жарияланды, соның арқасында өткен жылы 480 орынды 4 жаңа бала бақша салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Саялы» ықшам ауданында жалғыз басты аналар мен кезектесіп жұмыс істейтін ата- аналарды қолдау мақсатында қалада тұңғыш рет бес күн ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін 320 орынды бала бақша мен «Үміт үйінде» арнайы топтар ашылды. Нәтижесінде, өткен жылы 800 орынды 5 бала бақша іске қосылды.
«Қазіргі кезде 17 бала бақшаның құрылысы жүріп жатыр, оның 6-ы республикалық бюджет, ал қалған 11-і жергілікті бюджет есебінен салынуда, соның ішінде 5 бала бақша бүгін ашылып отыр», - деді Ахметжан Есімов.
Алматыда соңғы алты жыл ішінде 30 жаңа бала бақша ашылды, жалға алғандардың меншігінде болған 7 нысан қайтарып алынды.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Олимпиададағы қазақ спорты: кеше және бүгін -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды