- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қытай мемлекетаралық қарым-қатынастың жарқын үлгісін қалыптастыра алды – Жақыпов
Қазақстан мен Қытай мемлекетаралық қарым-қатынастың жарқын үлгісін қалыптастыра алды – Жақыпов
Мәжілісте хабарлағандай, мейманды біздің еліміздегі дипломатиялық жұмысының басталуымен құттықтаған Палата Спикері дипломатиялық байланыс орнаған 23 жылдың ішінде біздің елдеріміздің мемлекетаралық қарым-қатынастың жарқын үлгісін қалыптастырғанын сөз етті. Бұл ең алдымен Қазақстан мен Қытай басшылары арасындағы тиімді үнқатысудың нәтижесі.
Сауда-экономикалық байланысты нығайту жайын сөз еткенде Мәжіліс Төрағасы Қытай Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда әріптесі екенін атап өтті. Біздің еліміздің жалпы тауар айналымында екі жақты тауар айналымының үлесі 20% артты. Палата Спикерінің пікірінше, әсіресе, көліктік-транзиттік саланың әлеуеті зор. Ал, ағымдағы жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік магистральінің қазақстандық аумағының іске қосылуы тағы да жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.
Тараптар парламентаралық ынтымақтастық жайын сөз еткенде депутаттық топтардың, бейінді комитеттердің, жалпы екі ел парламенттерінің арасындағы байланысқа айрықша назар аударды. Осыған байланысты Мәжіліс Спикері Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Тұрақты Комитетінің төрағасы Чжан Дэцзянға біздің елімізге іс-сапармен келуі үшін шақыру жолдады.
Өз кезегінде елші біздің мемлекеттің жетістіктеріне жоғары баға беріп, Пекин үшін Қазақстан Орталық Азиядағы ең маңызды әріптестің бірі саналатынын айтып, алдағы уақытта да барлық байланыстарды одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.
«Тұрақты әрі гүлденген Қазақстан Қытайдың негізгі мүдделеріне сай келеді»,-деді ол.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы