• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада мемқызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру үшін оқыту шаралары өткізіледі

Астанада мемқызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру үшін оқыту шаралары өткізіледі

2 Қазан, 2013 16:37
Астанада қаланың заң қызметкерлерінің арасында үйлестіру кеңесі болып өтті. Кездесу барысында мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру жайында сөз қозғалды, деп Әділет департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Отырыс барысында Үйлестіру кеңесінің мүшелері оқыту шаралары барысында ҚР Заңы «Мемлекеттік заңдық көмек кепілдігі» жайында сауаттандыру шарасын жүргізуді ұсынды. Сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдар арасында ынтымақтастық қарым-қатынасты орнату көзделіп отыр», - деп хабарламада айтылған.  

Әділет департаменті хабарлағандай, аталмыш сұрақ отырыста алғаш рет талқыланып отыр.

Айта кетерлігі, аталмыш заң қоғамдық қарым-қатынасты тұрақтандырып, заңдық көмек көрсету жолдарын қарастырады. 

Барлық жаңалықтар