- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жол айрықтарын жарықтандыру үшін жаңартылмалы қуат көздерін пайдалануды ұсынды
Қазақстанда жол айрықтарын жарықтандыру үшін жаңартылмалы қуат көздерін пайдалануды ұсынды
Бұл қадам «EXPO-2017» Халықаралық көрмесі қарсаңында жол құрылысында «жасыл» технологияны тәжірибе түрінде енгізуге мүмкіндік береді.
«Қазавтожол» ҰК» АҚ хабарлағандай, «SYNOHYDRO CORPORATION LIMITED» компаниясы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің жоғарыда аталған бөліктерінде мердігер ретінде жұмыс істейді.
Жалпы ұзындығы 99 шақырымды құрайтын «Шымкент-Ташкент» бағ,ытындағы тас жол 3 телімге бөлінген. Қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейін жол - цемент бетон төселген, 4 жолақты І техникалық санатқа жататын болады. Жол бойында 2 жол айырық және 2 өткел бар. Жобаны 2016 жылы толығымен аяқтау көзделген.
Шымкенттен Жамбыл облысының шекарасына дейінгі автомобиль жолы екі бөліктен тұрады. Олар Түлкібас пен Сайрам аудандары аралығында орналасқан. Құрылыс тәртібі мен ережесіне сәйкес, аталған бөліктер 4 жолақты, І б техникалық санатқа жатады. Жоба бойынша, екі бөлікте 5 көпір, 15 өткел және 7 жолайырығын салу жоспарланған. Жолдың жалпы ұзындығы 81 шақырымды құрайды, оның 41 шақырымын «SYNOHYDRO CORPORATION LIMITED» компаниясы жүзеге асырады.
Айта кетейік, аталған жолдар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің бөлігі болып табылады. Қазақстан бойынша халықаралық көлік дәлізінің жалпы ұзындығы 2787 шақырым.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады