• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағандыда қайта жаңғыртылған тәртіп сақшыларына арналған «Динамо» спорттық кешені ашылды

Қарағандыда қайта жаңғыртылған тәртіп сақшыларына арналған «Динамо» спорттық кешені ашылды

2 Қазан, 2013 16:28
Бүгін Қарағандыда облыс әкімі Бауыржан Әбдішев «Динамо» спорт кешенін салтанатты түрде ашты. Аталмыш мекеме полиция қызметкерлеріне арналған, деп Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство хабарламасы бойынша, спорт кешенін жөндеу үшін бюджеттен 36 млн теңге бөлінген.

«Динамо» спорттық  залы құқық қорғау органдарының қызметкерлері жаттығуы үшін бағытталған. Айта кетерлігі, жаттығуларды «Динамоның» ең үздік бапкерлері жүргізеді.

Қарағанды облсы ІІД басшысы, полиция полковнигі  Мергенбай Жаппаров атап айтқандай, аталмыш кешен ішкі істер қызметкерлерінің одан әрі жетіліп, дамуына оң әсерін береді.  

 

Барлық жаңалықтар