- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жолаушылар тасымалы 10 пайызға артып, 3,7 млн жолаушыны құрады
Қазақстанда жолаушылар тасымалы 10 пайызға артып, 3,7 млн жолаушыны құрады
«2014 жылы осы топтағы 6 әуежайдың қызметінде жолаушылар мен жүк тасымалдауда тұрақтылық байқалды. Жалпы алғанда, 2013 жылмен салыстырғанда жолаушылар тасымалы 10% артып. 3,7 млн. жолаушыға өсті. Ал, жүк тасымалы 2013 жылмен салыстырғанда 4% өсіп, 10 300 тоннаға артығымен орындалды», - деді К.Бадан.
К.Баданның айтуынша, AMG қазақстандық әуежайларды оңтайландыру мақсатында және ғаламдық индустрияландыруға қатысу үшін әуе активтерін басқару сонымен қатар басқа елдердің нарықтарына орта мерзімді болашақта шығуды көздейді.
2015 жылы ұшу қауіпсіздігінің корпоративтік стандарттарын жасау мен өндіріске енгізуді аяқтау, әуе қауіпсіздігі мен әлемдік жетекші сала үздіктерінің ноу-хау технологияларын қолданып, 2015-2017 жылдары мемлекеттік әуежайларды ISAGO сертификатын алуын қамтамасыз ету болып табылады. «Қазіргі таңда AMG барлық ішкі ресурстарды пайдалана отырып, әуежайлардың қызметі мен технологиялық жұмыстарын халықаралық стандарттарға жеткізу жұмысын бастап та кетті», - деді К.Бадан.
2014 жылы Астана, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Шымкент, Қызылорда әуежайлары 7 жылдық мерзімге «Airport Management Group» компаниясының сенімді басқаруына берілді. «Біздің негізгі міндетіміз – әуежайларда халықаралық талаптарға сай қауіпсіздік жүйелерін енгізу, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру, әуежайлардың инфрақұрылымын дамыту бойынша ұзақ мерзімді жоспар құру», - деді ол.
Индира Қауметова
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша