• Басты
  • Алматы қаласы 2014 жылы «Нұр Отан» партиясының сайлау алдындағы платформасын орындады - А. Есімов
29 Қаңтар, 2015 15:03

Алматы қаласы 2014 жылы «Нұр Отан» партиясының сайлау алдындағы платформасын орындады - А. Есімов

Алматы қаласы 2014 жылы «Нұр Отан» партиясының сайлау алдындағы платформасын орындады. Бұл туралы бүгін қала басшысы Ахметжан Есімов «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген мәжілісі барысында айтып өтті.

Алматы қаласы 2014 жылы «Нұр Отан» партиясының сайлау алдындағы платформасын орындады - А. Есімов | Strategy2050.kz

Қала әкімі әрі партияның қалалық филиалының төрағасы Ахметжан Есімов айтып өткендей, өткен жылы өнеркәсіпте, құрылыста, көлік пен саудада, қызмет көрсету жүйесінде жоғары қарқынға қол жетті. Қалада 1330,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 14,5 пайызға көп. Банкіден несие беру 5 трлн. теңгеге жетіп, 28, 4 пайызға артты. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 649,1 млрд. теңгені құрап, 2013 жылмен салыстарғанда 2,1 пайызға ұлғайды.

«Даму» АҚ-ының даму институтымен бірге Алматы экономикасының маңызды секторларына қолдау көрсетілетін болады, осы мақсатқа 4 млрд. теңге бөлінеді. Тұтынау бағасының индексін 6-8 пайыз дәлізінде ұстап тұру үшін инфляцияны таргетирлеу бойынша шаралар жүзеге асады және негізгі әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыруға айрықша мән беріледі.

«Қазіргі кезде экономиканың барлық салалары бойынша, яғни өнеркәсіпте, көлік пен саудада және басқаларында биік деңгейге қол жетті. Алдағы міндет- оны одан әрі есеслей түсу», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Қала әкімдігінің хабарлауынша,  мегаполис басшысы Саяси кеңестің Бюросына және партияның аудандық филиалдарының төрағаларына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» Жолдауы мен қалалық «Дағдарысқа қарсы жоспарды» жүзеге асыруды ерекше бақылауға алуды, дағдарыстың келеңсіз процестерінің алдын алуға белсене араласуды, қалалықтардың әлеуметтік- экономикалық жағдайын одан әрі жақсартуды тапсырды.Сонымен қатар, қоғам және БАҚ өкілдерін кеңінен тарта отырып,партияның Алматы қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмысын күшейту тапсырылды.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды