• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мұғалімдер күніне қарсы Астана қаласының 7 ұстазына пәтер кілттері табысталады

Мұғалімдер күніне қарсы Астана қаласының 7 ұстазына пәтер кілттері табысталады

2 Қазан, 2013 16:26
Астанада мұғалімдер күніне орай 7 ұстазға пәтер кілттері табысталады, деп Білім беру басқармасы хабарлады.

Мерекелік шара 2-3 қазан күні өтеді. Сонымен қатар, 4 қазан күні Астана қаласының ұстаздары үшін Конгресс-Холлда мерекелік концерт өтеді.

Марапаттау рәсімі «Үздік балабақша-2013», «Үздік мектеп-2013», «Үздәк колледж-2013», «Жыл мұғалімі-2013» атты номинациялар бойынша өтеді.  

Айта кетерлігі, шарада отандық әншілер өнер көрсетеді: Лаки Кесоглу, Бауыржан Исаев, Нұрлан Абдуллин, Ринат Малцагов, Альбина Оганесян, Марина Бисеханова, Володя Ким,  Бибігуль Жанұзақ пен «Астана Операның» әртістері.

 

Барлық жаңалықтар