- Басты
- Жаңалықтар
- Астана медициналық туризм бойынша Орталық Азиядағы жетекші орталықтардың біріне айналды - ДСӘДМ
Астана медициналық туризм бойынша Орталық Азиядағы жетекші орталықтардың біріне айналды - ДСӘДМ
Атап айтқанда, жоғары медициналық мамандандырылған көмек алу үшін ҰМХ еншілес ұйымдарына Ресей, АҚШ, Жапония, Италия, Ұлябритания, Түркия, Болгария, Шри-Ланка, Филиппин, Қырғызстан және өзге елдердің азаматтары келген, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Шетел азаматтары көбінесе омыртқа дискі жарығын микрохирургиялық жолмен алып тастау, экстракорпоральды ұрықтандыру, жүректегі қан жолы тетігіне кардиохирургиялық ота жасау, жатыр артериясын эмболизациялау сияқты қызметтерге жүгінеді.
2011-2014 жылдар аралығында ҰМХ ұйымдарында 4734 шетелдік азаматқа көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, медициналық туризм Ұлттық ғылыми медициналық орталықтада жақсы дамуда. Бұл орталықта АҚШ, Қытай, Кувейт, БАӘ, Үндістан, Ресей азаматтары емделді.
Шетелдік пациенттер мұнда жасуша технологияларын пайдалана отырып, ішкі органдар жетіспеушілігін морфо-функционалды түзету мақсатында келеді. Сондай-ақ, өзге елдер азаматтары арасында метаболикалық синдром, 2 типтегі қант диабеті ауруы жиі кездеседі.
2011-2014 жылдары Ұлттық ғылыми медициналық орталықта шетелдерден келген 65 науқасқа көмек көрсетілді.
Еске сала кетейік, «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Қазақстан медициналық туризм бойынша жетекші еуразиялық орталыққа айналуы тиістігін атап көрсеткен еді.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды