- Басты
- Жаңалықтар
- Таиландта Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамыту шаралары ерекше аталып өтті
Таиландта Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамыту шаралары ерекше аталып өтті
Кездесу барысында экология мен «жасыл» экономика саласындағы қазақстан-тайлық ынтымақтастығының ағымды ахуалы мен келешегі талқыланды.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, азақстандық дипломат Таиландтың Табиғи ресурстар және қоршаған орта министріне Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы, ҚР-дың «жасыл» экономикаға көшуі бойынша концепциясы, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрмеге дайындығы туралы хабардар етіп, Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларына ерекше көңіл бөлді.
Сонымен қатар, Д. Ратанасуван Қазақстанның бүгінгі жетістіктері мен Президент Н.Ә. Назарбаевтың қоршаған ортаны қорғау бойынша көреген саясатынан үлкен әсер алғанын және екі ел басшыларына тән ортақ бір ерекшелікті – болашақ ұрпақты, жастардың қамын және олардың жарқын болашағын ойлау болып табылады деп атап өтті.
Айта кетерлік жайт, Тай министрі Қазақстанның «жасыл» экономиканы дамыту бойынша күш салуын, Қазақстан үкіметінің экологиялық жүйелерді қорғау бойынша шараларын атап өтті. Атап айтқанда, Д.Ратанасуван Қазақстанның ормандарды қалпына келтіру мен құрғақ жерлерді көгалдандыру саласындағы тәжірибесін зерттеуде қызығушылық танытты. Д.Ратанасуван еліміздің тұрақты даму саласындағы халықаралық бастамаларын жоғары бағалады. Министр қазақстандық бастамасы боып табылатын «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық туралы Хартияға жедел қосылуға Таиланд мүдделлілігін атап өтті.
Бұдан басқа, СІМ хабарлағандай, тараптар су және энергия көздерін тиімді пайдалану, атап айтқанда, су басқару, трансшекаралық өзендер, су тасқынын алдын алау және қалпына келтіру шаралары, сондай-ақ жаңартылмалы энергия көздерін дамытуда тәжірибе алмасу туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.
Таиландтағы баламалы және жаңартылмалы энергия көздерінің жалпы тұтыну мөлшерінен үлесі 6% құрайды. ЖЭК дамуының негізгі бағыты биомасса болып табылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Таиландтың Табиғи ресурстар мен қоршаған орта министрі тиісті кездесулер өткізу және экология мен тұрақты даму саласындағы қазақстанд-тайлық ынтымақтастығының тәжірибелік мәселелерін талқылау мақсатында Қазақстанға сапармен бару мүмкіндігін қарастыруға ниет білдірді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары